«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті»

31 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады.

Сол себепті, оны болдырмау, алдын-алу мақсатында еліміздің көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

         Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жолына батыл тоқсауыл қойып олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдарының міндеті емес, ол барлық ұлтжанды азаматардың парызы.

         Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтардың мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері  араңдатады.

Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Көптен заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады.

Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайыттары жиі кездесіп жатады.

Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай қылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.

         Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары - экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындарың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу,яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының

2-ші Басқарма прокуроры

Н.Аманиязов 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу