2015 жылы тіркелген қылмыстар

04 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылдың 12 айының қорытындысымен облыс бойынша құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (әрі қарай – СДТБТ-і) барлығы 7217 (2014ж. 12 айы -6562, +10%) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде: 637-і қылмыстық теріс қылық; 1842-і (1631, +13%) негізінен қарау үшін сотқа жолданған, 3068 (4098, -25,1%) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген, 1529 (1213, +26,1%) ақталмайтын негізбен және 7357 (512, +1337%) ақтайтын негізбен өндірістен қысқартылған.

Тіркелген қылмыстарды ҚР ҚК-нің 11 бабына сай, санаттарына бөліп қарасақ, келесідей көрінеді, яғни:онша ауыр емес қылмыстар –1543 (1171, +31,8%); ауырлығы орташа қылмыстар – 4180 (4832, -13,5%);  ауыр қылмыстар –806 (506, +59,3%);  аса ауыр қылмыстар–51 (53, -3,8%).  

Бұл көрсеткіштерге сәйкес, ауырлығы орташа қылмыстардың 13,5%, аса ауыр қылмыстардың 3,8%төмендегенін, ал онша ауыр емес қылмыстардың 31,8% және ауыр қылмыстардың 59,3% өскен.

Бұл қылмыстардың өсу себебі қылмыстық қудалау органдарының, оның ішінде әкімшілік полициясы тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарының сапасыздығынан, сондай-ақ, аталған санаттағы қылмыстардың алдын алу бағытында нақты шаралар атқарылмайтынын айтуға болады.

Облыс аумағындағы тіркелген негізгі қылмыстарға жіктейтін болсақ:

- ҚК-нің 99-бабымен (адам өлтіру) тіркелгені – 21 (22, -4,5%) қылмыс;

- ҚК-нің 106-бабымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру)-38(34, +11,8%);

- ҚК-нің 120-бабымен (зорлау)31 (33, -6,1%);

- ҚК-нің 188-бабымен (ұрлық)  – 3233 (3334,-3,0%);

- ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық)666 (760, -12,4%);

- ҚК-нің 191-бабымен (тонау)217 (239, -9,2%);

- ҚК-нің 192-бабымен (қарақшылық)  – 52 (25, +108,0%);

- ҚК-нің 293-бабымен (бұзақылық)764 (795, -4,0%) қылмыс тіркелген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша тіркелген халық саны 607 592 адамды құрайды.

Ал, 2015 жылдың 12 айында тіркелген 7217 (6562) қылмысты 10 000 тұлғаға шаққанда 117 (113) қылмыстан тиетіні анықталып отыр.

Барлық тіркелген жалпы қылмыстардың өсу деңгейіне әсерін тигізген негізінен меншікке қарсы қылмыстар болып табылады,яғни тіркелген 6931 қылмыстардың ішінде бұл қылмыстар 60,1% құрайды, немесе 4165 қылмыс.

Бұл кемшіліктер, облыс бойынша ішкі істер органдарының қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмаудағы жасаған шаралары жеткіліксіз және тиімсіз екендігін айғақтайды. Басшылық тарапынан ведомствалық бақылау тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, ал ол өз деңгейінде жергілікті ішкі істер органдарына қойылған талаптарды орындауда жағымсыз әсер етуде, осының салдарынан облыс көлемінде қылмыстар саны өсіп отыр.

Аталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің көптеп орын алуына жол бергені үшін облыстық ІІД-нің өз міндеттеріне сай, тиісті деңгейде ұйымдастырумен, ведомствалық бақылауды жүргізбегені үшін Бас прокуратураның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс жолданылды.

Ұсынысты қарау нәтижесімен 34 лауазымды тұлғалар әр түрлі сипаттағы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 27.10.2015 жылы облыс прокуратурасының 2015 жылдың 3-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, облыс көлеміндегі орын алған меншікке қарсы қылмыстыққұқық бұзушылықтардың жай-күйі және осы санаттағы қылмыстық істердің тергелу заңдылығы мен прокурорлық қадағалау тәжірибесіне талдау жүргізіліп, аталған талдаудың нәтижесімен жасақталған анықтама Маңғыстау облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде облыстық ІІД-нің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жауапты басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен қаралды.

Аталған алқа мәжілісінде облыс бойынша ішкі істер органдарымен облыс көлеміндегі орын алған меншікке қарсы қылмыстыққұқық бұзушылықтардың жай-күйі және осы санаттағы қылмыстық істердің тергелу заңдылығының және ҚР ҚПК-нің талаптарының тәртібі сақталмай, өрескел бұзылуының себептері талқыланды.

Нәтижесімен бірқатар заңбұзушылықтар анықталуына байланысты олардың орын алуына ықпал еткен себептерді анықтап, жою үшін облыстық ІІД-не заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс жолданылып, кінәлі қызметкерлерге қатаң ескертілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар, оның ішінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстардың алдын алу бағытындағы заңдылықтың сақталуы облыс прокуратурасының қатаң қадағалауына алынған.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу