Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар

13 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облыстық прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының №85 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» Нұсқаулығына сәйкес, 2015 жылдың 12 айында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында прокуратура органдарымен 14 тексеру жүргізіліп ол тексерулер бойынша 328 заң бұзушылықтар анықталды, осы аталған заң бұзушылықтар бойынша 30 прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, ол бойынша 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке.

Жүргізілген прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 189 жеке кәсіпкерлік субъектілерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Облыстық прокуратура органдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында құрылған құрылған «Мобильді топтың» сенім телефонына 2015 жылдың 12 айында 4 хабарлама (барлығы байланыс телефондары арқылы) түскен, аталған хабарламалардың 4 өз дәлелін тауып, ол бойынша жүргізілген прокурорлық тексерулердің нәтижесінде қадағалаушы және бақылаушы органдардың 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстау облыстық прокуратура органдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің конституциялық құқықтарын қорғауда және оларға келтірілетін әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында қадағалаушы және бақылаушы органдарда үнемі тексерулер жүргізіліп отырады. 

Осындай жүргізілген тексерулер барысында мемлекеттік органдармен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік кедергілердің келтірілетіндігі анықталды.

Мысалға, Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Design School» ЖШС-нен Маңғыстау облысының құрылыс Басқармасының (одан әрі – Басқарма) лауазым иелерінің заңсыздықтарына қатысты шара қолдануды сұрап жазған арызына сәйкес тексеру жүргізіліп, нәтижесімен төмендегідей заңның бұзылу деректері анықталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағында, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты мен принциптерiне: жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi; жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы жатады.

Осы Заңның 8-бабының 9-тармағында, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге құқылы екендігі көрсетілген.

Бірақ, Басқарма басшысы О.Аяповпен Басқарма басшысының орынбасары Л.Бекжанов, Конституциямен көзделген құқықтарға және заңнама талаптарына қарамастан, «Design School» ЖШС-нің (әрі қарай - серіктестік) кәсіпкерлік қызмет еркіндігін шектеп, қолайсыз жағдайлар жасап, мүлдем қорғау мен қолдауды және кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етпегені толықтай дәлелденді.

Яғни, серіктестік Мұнайлы ауданы, Баянды селосында тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигоны құрылысы жұмысын сатып алу конкурсына қатысып, онда заңсыздықтардың орын алуына байланысты 12.12.2014 жылы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына конкурс қорытындысы туралы хаттамамен заңсыз жеңімпаз танылған «Оңдасын строй» ЖШС-і арасында жасақталған келісім шартты бұзу жөнінде талап арыз енгізіп, оның қаралу нәтижесімен талап арыз толықтай қанағаттандырылған.

Сол кездегі Басқарма басшысының міндетін атқарушы Л.Бекжанов, аталған сот шешімімен келіспей, бірінші сатыдағы сот шешімін бұзу туралы 14.01.2015 жылы аппеляциялық шағым келтіріп, оның қаралу қорытындысымен шағым қанағаттандырылусыз, ал бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Көрсетілген сот шешімдерімен келіспеген Басқарма басшысы О.Аяпов, 18.02.2015 жылы және 27.02.2015 жылы (қосымша) облыстық соттың кассациялық сот алқасына кассациялық шағым келтіріп, ол да қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Комиссия мүшелерінің мұндай заңсыздықтары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-бөлігінің 4 және 12-тармақтарында көзделген, яғни шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету және жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау, деп белгіленеді.

Тексеру қорытындысы бойынша облыстық прокуратурамен Тәртіптік кеңеске ұсыныс енгізіліп қаралу қорытындысымен, Басқарма басшысының орынбасары Б. Қалиев, бөлім басшысы С. Бегиев және Баянды селосының әкімі Қ. Боранбаев Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сай тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір мысал, «АТРЕ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (әрі қарай – Серіктестік) арызы бойынша «Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (әрі қарай – Жер кодексі) қолданысына тексеру барысында шағын кәсіпкерлік субьектінің құқықтары бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, Бөлім басшысы И.Наухановтың тарапынан Серіктестік директоры А.Дүйсебаевқа 04.05.2015 жылы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде Кодекс талаптарына қайшы ескерту берілген.

Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жер кодексінің 94-бабының 2-тармағына сай, осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін беріледі.

Ал, Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретіне жатады.

Жер кодексінің 12-бабының 13-1) тармақшасына сай, жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

Демек, бұл жерде Бөлім басшысы өз өкілеттілік щеңберінен шығып, Серіктестікке заңсыз ескерту бере отырып, кәсіпкерлік субьектісінің құқықтарына нұқсан келтіргендігін көруге болады.

Прокуратурамен жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі ескертуге қадағалау тәртібімен наразылық келтіріліп, Бөлім басшысының 30.06.2015 жылғы № 11 бұйрығымен күші жойылды.

Заңдылықтың бұзылуын жою туралы 22.06.2015 жылғы № 2-1107-15-01284 ұсынысты қарау нәтижесімен аудан әкімінің 30.06.2015 жылғы № 55 өкімімен Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ә.Мұқанға тәртіптік жаза ретінде ескерту берілді.

Сонымен қатар прокуратура органдарымен «Шенеунік және кәсіпкер» атты бағдарламаның аясында 23-тен аса дөңгелек үстелдер өткізілді, аталған дөңгелек үстелдерге 1000-нан астам кәсіпкерлер және мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдардың өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, аудан орталықтарының халық көп жиналатын орындарда (базар маңдары, вокзалдардың маңы т.б.) мобильді топтардың жұмыс жасайтындығы жөнінде ақпараттар және билбордтар ілінген.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратураның арасында үнемі жұмыс жасайтын жұмыс тобы құрылған.

2015 жылдың 12 айында аталған жұмыс тобының 4 отырысы болып өтті, ол отырыстарда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілетін әкімшілік кедергілердің санын азайту және мемлекеттік органдармен жүргізілетін заңсыз тексерулерге жол бермеу сұрақтары қаралды.

Қазіргі таңда, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға келтірілетін әкімшілік кедергілердің азайтылуы бойынша жасалатын жұмыстар облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу