Облыс аумағында тіркелген алаяқтық қылмыстары туралы

04 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау саласы бойынша Басқармасымен ағымдағы жылдың қаңтар айында тұлғаларға қатысты жасалған алаяқтық әрекеттерге байланысты тіркелген қылмыстардың жағдайына талдау жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысымен облыс бойынша құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (әрі қарай – СДТБТ-і) барлығы 748 (2015ж. қаңтар айы -849, -12%)қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 67(128, -47,6%)алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 42-і (14, +200%) сотқа жолданған, 32 (4, +700%)істің тергеп-тексеру мерзімдері үзілген, 14 (9, +55,5%)іс ақталмайтын негізбен қысқартылған және 25 (15, +66,6%)іс ақтайтын негізбен қысқартылған.

Тіркелген алаяқтық қылмыстарын ҚР ҚК-нің 11 бабына сай, санаттарына бөлсек: онша ауыр емес қылмыстар – 38 (69, -45%); ауырлығы орташа – 8 (21, -62%); ауыр қылмыстар – 21 (38, -44,7%);  аса ауыр қылмыстар – 0 (0).  

Барлық тіркелген қылмыстардың өсу деңгейіне әсерін тигізген, негізінен меншікке қарсы қылмыстар болып табылады, оның ішінде тіркелген алаяқтық қылмыстары 9% (15,1%) құрайды, немесе 67 (128) қылмыс.

Қылмыстық қудалау органдарымен алаяқтық қылмыстары бойынша тіркелген қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында шұғыл тергеу тобын құру арқылы тергелген қылмыстық істер болған жоқ.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу