Маңғыстау облысы прокуратурасы бос лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Маңғыстау облысы прокуратурасы, Ақтау қаласы, 15шағын аудан №56/1 ғимараты, анықтама телефондары: 8-(7292)- 60-51-85 бос лауазымға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

          Маңғыстау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы C-ОGR-4 (1 бос орын);

Функционалдық міндеттері:

- Басқарманың барлық қызметкерлерімен оларға жүктелген қызметтік міндеттерінің орындауды бақылауды қамтамасыз етеді, атқарушылық және еңбек тәртібін бақылайды;

- облыс прокуратурасының басқа  құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстіқ кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 59 бабында қарастырылған тергеу бөлімі бастығының барлық өкілеттігіне ие;

- Басқарманың жұмысын жинақтайды, облыс прокуратурасы мен оның алқасының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;

- облыс прокуратурасы алқасының, құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі отырысына, облыс прокуроры және оның орынбасарлары  жанындағы жедел кеңестің Басқарма қызметінің негізгі мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

- өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдер қабылдайды, оларға жауап береді;

- есеп берушіліктің ведомстволық нысандарын құрып, тапсыруды жүзеге асырады;

- Басқарманың арнайы прокурорларының күзетпен ұстау, сотқа дейін тергеп-тексеру мерзімін ұзарту және қамауда ұстау түріндегі алдын кесу шараларын таңдау туралы сот алдындағы өтініштерін ұсыну туралы қаулыларын зерделейді, оны облыс прокурорына баяндайды;

- арнайы прокурорлар мен қылмыстық қудалау органдары үшін міндетті қылмыстық істер бойынша нұсқаулар береді;

- ҚР ҚПК-нің 86-89 баптарында қарастырылған негіздер болғанда немесе тергеу өндірісі кезінде елеулі заң бұзушылықтар анықталған жағдайда облыс прокуроры алдында арнайы прокурорды қылмыстық істі тергеуден не болмаса тергеу тобына басшылық етуден шеттету туралы өтініш білдіреді;

- қажет болған жағдайда тергеу әрекеттерін жүргізуге немесе облыс прокурорының тапсырмасы бойынша толық көлемде тергеу жүргізуге жеке қатысады, сонымен қатар тергеушінің барлық өкілеттігіне ие;

- тергеуді ұйымдастыру үшін төтенше жағдай болған орынға шығу туралы облыс прокурорының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;

- облыс прокурорының тапсырмасы немесе келісімі бойынша немесе тергеліп жатқан қылмыстық іске түскен арыз бойынша тексеру  жүргізуді ұйымдастырады;

- облыс прокурорына күрделі және маңызды істер бойынша, соның ішінде құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың тергеушілерін тарта отырып тергеу тобын құру туралы ұсыныс жасайды;

- облыс прокурорының нұсқауы бойынша облыстың қала, аудан прокуратураларынан және қылмыстық қудалау органдарынан қабылданған шешімдердің заңдылығы туралы қорытындысы бар қылмыстық істер мен материалдарды, сондай-ақ олардың тергеу барысы мен нәтижелері, өтініштерді қарау  туралы ақпараттарды зерделеу үшін сұратып алады;

- кадрлар жұмысы тобының келісімі бойынша кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, бағынысындағы қызметкерлерді аттестаттауға материалдар ұсынады, прокуратура басшылығы алдында Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және жазалау туралы мәселені көтереді, еңбек және тұрмыста тиісті жағдайларды құруға шаралар қабылдайды;

- жедел кеңестер өткізеді, арнайы прокурорлардың есептері мен түсініктемелерін тыңдайды;

- ұйымдастырушылық-аналитикалық, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;

- құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің, Бас прокуратура және облыс прокуратурасы алқасының, аппараттық және жедел кеңесінің хаттамалық шешімдерін орындау жұмыстарын ұйымдастырады;

- Басқарманың ақпараттық-аналитикалық қорын құруды, соның ішінде, үздік отандық және шетел жұмыс тәжірибелерін, жеке қылмыс түрлерін тергеу бойынша тергеу тәжірибесінің әдістемелік ұсынымдары мен құралдарының жинақталуын қамтамасыз етеді;

- прокуратура органдарының Имидждік бағдарламасын арнайы прокурорлармен орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- облыс прокурорының басқа да тапсырмаларын орындайды.

 

Лауазымдық айлықақы:

 

Санаты

Лауазымдық айлықақы еңбек өтіліне байланысты (теңге)

min

max

C-ОGP-4

130 020

178 032

 

      

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

 

1. Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі.

2. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

3. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

Ұсынымхатқа прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

4. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

5. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

6. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

7. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

8. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

9. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.

10. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

                                     

                                               Маңғыстау облысы прокуратурасының

                                               Кадрлық дамыту тобы