Маңғыстау облысының прокуратурасы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды

20 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысының прокуратурасы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды - 1110237517

Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамту.

Жәрмеңке «Жастар үйі» ғимаратында өтті. Аталған шарада әртүрлі қызмет саласындағы он бестен астам кәсіпорын борышкерлер үшін бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс іздеп келген азаматтар кәсіпорындар өкілдерімен жеке сұхбаттасу, жұмысқа қабылдау шарттарымен танысу және жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін кездесу күнін белгілеуге мүмкіндік алды. Жәрмеңкеге барлығы бір жүз елуге жуық азамат қатысты.

Жәрмеңке барысында 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 2 – жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасу үшін сұхбаттасуға жолданды, 46 – мамандығы бойынша сұхбаттасуға шақырылды,  23 – «Тенгизшевройл» бірлескен мекемесіне жұмысқа орналастыру кепілдігімен монтажшы, стропальшы, электрик мамандықтары бойынша кәсіби оқуға жазылды.

Осы шара аясында прокурорлармен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтармен кездесу өткізіліп, оларға алимент және бюджетке  төленетін төлемдерді өндіру туралы сот актілерін орындамағаны үшін заңмен көзделген жауаптылық түсіндірілді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу