Сұрақ

  • Сұрақ №: 45527
    Дата: 21.08.2018 17:58:27
    Аты-жөні: Акбердиев Саламат Тулетаевич
    Сұрақ:
    Құрметті Берик Сакипович! Мен Акбердиев Саламат Тулетаевич осы арызымды жаза отырып сізден маған қатысты Қарақия АІІБ-нің СДТБТ-не 184742031000191 санымен тіркеліп, ҚР ҚК-нің 197 бабы 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық іс бойынша менің күдікті ретінде ҚР ҚПК-нің 64 бабындағы дәлелдеме ұсыну құқығымды шектеп, менен алыған дизель отынының заңдылығын растайтын "түбіртекті" ҚР ҚПК-нің 221, 224 баптарының талаптарына сай айғақ заттарды қарап тексермей, қылмыстық іске тіркемей отырған Қарақия АІІБ-нің анықтаушысы С.Бақытовтың әрекетсіздігіне шағым жасағым келеді. Менің шағымымды заң талаптарына сай қарап, С.Бақытовтың заңды шешім қабылдауына ықпал етіп, менің қолымдағы дизель отының заңдылыңғын растайтын "түбіртекті" қылмыстық іске көмек көрсетуіңізді сұраймын. Сізге алдын ала рахмет!!! 87013141112
    Жауап күні:
    12 қыркүйек, 2018 - 12:55
    Жауап:
    жауап
  • Сұрақ №: 16799
    Дата: 12.06.2015 14:03:58
    Аты-жөні: Измухаммедова Сарсенгул Мустафаевна
    Сұрақ:
    Сәлематсызба! Мен Измухаммедова Сарсенгул Мустафаевнамын. Базарбаев Ербол Нурлыбековичтен қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен Қарақия аудандық сотына жүгіндім. Сот шешімі: Жауапкер Базарбаев Ербол Нурлыбековичтен менің пайдама 320 000 тенге қарыз және 3200 мемлекеттік баж алымы барлығы 323000 (үш жүз жиырма үш мың) тенге өндірілсін делінген.Шешім заңды күшіне 06 мамыр 2014жылы енді. Бірақ бүгінгі күнге дейін сот шешімін орындауға ешқандай әрекет жасаған жоқ. Сізден, борышкерді сот шешімін орындамағандықтан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуынызды сұраймын. Жауапкер сот ештене істей алмайды деп, сот шешімін орындамай жүр.
    Жауап күні:
    2015-06-16
    Жауап:
    Қарақия аудандық прокуратурасы Сіздің, жауапкер Е.Базарбаевтан қарыз ақшаны өндіру және борышкерді тиісті жауапкершілікке тарту туралы жазған арызыңыз бойынша, Маңғыстау облысы әділет Департаментінің «Қарақия аумақтық бөлімі» филиалында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен төмендегідейді хабарлайды. 12.05.2014 жылы Қарақия аудандық сотымен жауапкер Е.Базарбаевтан талапкер С.Измухаммедованың пайдасына 320 000 теңге қарыз және 3 200 теңге мемлекеттік баж алымы барлығы 323 000 теңге өндіру туралы атқару парағы шығарылған. Қарақия аумақтық бөлімінде 14.05.2015 жылы №761-14/47 санды атқарушылық ісі қозғалып, атқару құжатын орындау барысында, борышкер Е.Базарбаевтың мүліктік жағдайын анықтау үшін БААТЖ «АСУКИП» бағдарламасы арқылы барлық тіркеу органдарына сұраныстар жолданып, нәтижесінде борышкердің атына ешқандай жылжитын және жылжымайтын мүліктері тіркелмегендігі және жұмыс жасамайтындығы анықталған. Сонымен қатар, 13.06.2014 жылы сот орындаушысының қаулысымен борышкер Е.Базарбаевқа Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша шығуға шектеу қойылған. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңының 48-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сай, егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса, онда атқару құжаты өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылады, делінген. Сондықтан, борышкер Е.Базарбаевтан С.Измухаммедованың пайдасына 320 000 теңге қарыз және 3 200 теңге мемлекеттік баж алымы барлығы 323 000 теңге өндіру туралы №2-211/2014 санды атқару парағын талапкер С.Измухаммедоваға орындаусыз кері қайтарылған. Қазіргі уақытта, борышкер Е.Базарбаевқа қатысты барлығы 323 000 теңге өндіру туралы атқарушылық құжаты Қарақия аумақтық бөлімінің өндірісінде болмағандықтан, аталған соманы Сіздің пайдаңызға өндіруге мүмкіншілік болмай отыр. Сол себепті, аудан прокуратурасымен прокурорлық ықпал ету актісін енгізуге негіз жоқ екендігін қаперіңізге беремін.
  • Сұрақ №: 2998
    Дата: 13.07.2013 20:06:27
    Аты-жөні: Шаханов Мухтар
    Сұрақ:
    Салеметсизбе! Менин сурагым мемлекеттик сатып алу Занына катысты болып отыр. Мен жеке кәсіпкермін, яғни мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші болып табыламын. Енди 2013 жылдың 13-ші қаңтарында мемлекеттік сатып алу Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен бастап жұмысымда қиыншылықтар туындап отырган жайы бар.Өйткені біріншіден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылары Заңның 4 баптың 60тармақшасы бойынша 100айлық есептік көрсеткіштен аспайды деп өз танитын өнім берушілерінен, немесе ағайындарынан тауарды алып отыр. Ал сонда мемлекеттік сатып алуды таңдауда адал бәсекелестік қайда,сонда Заңның 3-ші бабы сақталу қайда? Екіншіден, ҚР-ның Үкіметінің №64 санды Қаулысын пайдаланып отырмыз деп, бағалық ұсыным бойынша жариялау жасағанда тек мүгедектер құрған бірлестіктерден аламыз деп жариялайды да, қарапайым жеке кәсіпкерлер түсе алмай қаламыз. Ал шын манисенде солардан өнім алып отырма , алде әдейі шектеу жасап отырғандары ма? Осындай жариялауларды көп кездесіп отыр, және ол ұйымдардан да түспей қалушылықтардан болып отырғанын бақылап отырм, ал осыдан кейн олар бір көзден алу тәсілімен кімнен алып отыр ол өнімді? сол бірлестіктерден бе, алда тағы да өз таныс өнім берушулерінен бе? Осы мәселені қарауларыңызды сұраймын.
    Жауап:
    Сіздің, Қарақия аудандық прокуратурасының блогына түскен сұрағыңызға төмендегідейді хабарлаймын. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу» Ережесінің талаптары мен рәсімделуінің тәртібінің заң талаптарына тексерулер жүргізілді және аталған мәселе аудан прокуратурасының басты назарында. Қарақия ауданының прокуроры М.Жақаев